Мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат

         Облыста мүгедектігі бар 42188 адам тіркелген (I топ – 3953, II топ – 16947, III топ – 15007, 18 жасқа дейінгі балалар–6281 адам.)

         Облыс бойынша барлығы 606 сайлау учаскесі, оның 586 сайлау учаскесі интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген, (20 жабық сайлау учаскесі) Олардың ішінде:

         - 201 тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін;

         - 220 кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін;

         - 202 көру қабілеті бұзылған адамдар үшін;

         - 302 есту қабілеті бұзылған адамдар үшін.

Мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі адам ағзасы функцияларының бұзылуының сипатына байланысты 4 санат бойынша ескеріледі: есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және кресло-арбаларда қозғалу мүмкіндігі бар адамдар.

Сондай-ақ, сайлау күні инватакси қызметтері (18 мамандандырылған автокөлік), ымдау тілі мамандары немесе онлайн – сурдоаудармашылармен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда көтергіш жабдықтар орнатылады.

Жарияланған күні

28 қазан 2022

Жаңарту күні

28 қазан 2022

Жарияланымның авторы