Алматы облысы әкімдігінің № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЖОБА
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы «2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы әкімдігінің «2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» 2020 жылғы 12 мамырдағы № 198 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, 2020 жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
- «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оныңресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
13
05 қараша 2020 00:00
05 қараша 2020