«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Жоба
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 123-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Балқаш ауданы аумағындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының жер пайдаланушылары мен меншік иелерінің жер учаскелерін алып қоймай, ені екі километрден кем емес күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
-
«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев
Алматы облысы әкімдігінің
2024 жылғы
«____» __________
№ ____ қаулысына
Қосымша
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аумағында табиғатты пайдалану режимі
-
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының (бұдан әрі- резерват) күзет аумағында:
1) резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) резерваттың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
-
Резерваттың қорғау аймақтарының аумағында резерваттың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ резерваттың жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
-
Резерваттың күзет аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ резерваттың өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
-
Резерваттың қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы облысының жергілікті атқарушы органының шешімімен белгіленеді.
15