2024 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса беріліп отырған:
1) 2024 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2024 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
-
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
65
11 наурыз 2024 12:32
11 наурыз 2024