Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы
Жоба
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы бекітілген «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары» 14-3-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы ресми қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев
42
06 ақпан 2024 16:36
06 ақпан 2024