Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №61 «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №61 «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
-
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі М. Султангазиев
26
24 ақпан 2023 09:35
24 ақпан 2023