Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 19 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
-
№ 2, №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
-
Алматы облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Алматы облыстық мәслихатына жіберілсін.
-
Осы қаулы Алматы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Алатау арайы» газетінде орналастырылсын.
-
Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы М.Айтова
Комиссия хатшысы А.Қанатова
|
2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23 |
|
29
28 желтоқсан 2022 16:19
30 желтоқсан 2022