Алматы облысының коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемесін қайта атау туралы
Жоба
Алматы облысының коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыжаз орта мектебі және Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта аталсын.
-
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
50
23 қыркүйек 2022 18:10
23 қыркүйек 2022