«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы
ЖОБА
«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 17, 166 және 179-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 36-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» №887 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «Қонаев» ӘКК» АҚ) құрылсын.
-
«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғылық капиталы 5 500 000 000 (бес миллиард бес жүз миллион) теңге көлемінде қалыптастырылсын.
-
10 000 000 (он миллион) дана мөлшерінде жай акцияларды шығару туралы хабарлансын.
-
«Алматы облысының қаржы басқармасы», «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғылық капиталының қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.
-
«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
-
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті 100 (жүз) пайыз акционер құқығымен иелену және пайдалану құқығы берілсін.
-
«Алматы облысының қаржы басқармасы», «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
-
Осы қаулы «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімі деп саналсын.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Дәндібаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев
171
07 қыркүйек 2022 09:44
07 қыркүйек 2022