Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

«Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министр  А. Смаилов

 

 

ЖОБА

Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.

  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті    Қ. Тоқаев

Жарияланған күні

06 сәуір 2022 17:07

Жаңарту күні

06 сәуір 2022

Түрі