Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

2021 жыл басына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны419  826 адамдықұрады, соның ішінде ауыл жастары334 222адамды немесе79,6%(қала жастары –85 604адам немесе20,3%).

2021 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін684 млн.теңге, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа76 млн.теңгебөлінді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2021 жылдың 2 тоқсанына облыстаNEET санатындағы жастарсаны7,0%-ды құрады (2020 ж. 2 тоқсанда – 9,6%)(15-28 жас аралығындағы жастар арасынан 24900 адам-358 126 адам),олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған.

Осыған орай, «Жастар» ҒЗО әдіснамасы негізінде«NEET - жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесіәзірленуде.

«Еңбек»бағдарламасын жүзеге асыру

«Еңбек»бағдарламасы аясында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін қысқарту, жұмыспен қамту үшін жағдай жасау және жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне «Еңбек» бағдарламасы аясында облыстың жұмыспен қамту органдарына 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан12792 адамбелсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды,10492 адамжұмысқа орналастырылды, оның ішінде4943 адамтұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша115адам қайтарымды қаражаттан шағын несие,354адам жаңа бизнес идеяларды дамыту үшін гранттар алды.

«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастардан3846адам, әлеуметтік жұмыс орындарына214адам, жастар практикасына1489түлек жіберілді.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі – 2021 жылдың 2 тоқсанында3,4%құрады(9859 адам).

"Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыру

2021 жылы несие көлемі4 млн. 375,5 мың теңгеніқұрайды, республикалық бюджеттен565маманға2,5млрд., жергілікті бюджеттен5маманға20,3млн. теңге бөлінді.

Көтерме жәрдемақы(100 АЕК=291 700 теңге)бойынша жергілікті бюджеттен990маманға288,8млн.теңге бөлінді.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне көтерме жәрдемақыны752маман219,4млн.теңгеге, бюджеттік несиені473маман2,1млрд.теңгеге алды.

«Жасыл ел»бағдарламасын жүзеге асыру

2021 жылы«Жасыл ел»бағдарламасын жүзеге асыру үшін151 млн.580 мың теңгебөлінді.

Сонымен қатар, тамыз айында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Жол картасындағы мақсатты индикаторды орындау мақсатында қосымша10 млн.теңгебөлінді. Жалпы барлығы161 млн. 580 мың теңгеніқұрады.

 «Жасыл ел» қатарында жұмыссыз, студент, маргиналды, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі топтардан шыққан жастар жұмыс істеді.

 «Жасыл ел» штабы ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастады.Шілдеайында944  жас жұмыспен қамтылды.Тамызайында жұмысқа ниет білдірген жастардың саны939адамды құрады.

Жалпы, екі ай ішінде1883 жас жұмыспен қамтылды.Қазан айында117жас азаматты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.

Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру.

2020-2021 жылдары жастардың85 стартап-жобаларыніске асыруға жалпы сомасы190 млн.теңгегемемлекеттік грант бөлінді.

Жұмыс істейтін және студент жастардың тұрмыс жағдайларын жақсарту.

Алматы облысында өңірде жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй салу және беру жөніндегі мәселелері қарастырылып, өңірлік «Жетісу Жастары» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.Бағдарламаның негізгі талаптары, қарыз сомасы 10 млн.теңгеден аспайтын және кепілдік қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда бастапқы жарна- 0%, қарыз бойынша сыйақы ставкасы-5%.Аталған бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алатын болады деп күтілуде.

2019-2020 жылдары облыста818 орындық 4 жаңа студенттік жатақханапайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін облыста1000 орындықжаңа студенттер жатақханаларын салуды қамтамасыз ету қарастырылған.

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру

ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы «Ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы» 7-бағытын жүзеге асыру шеңберінде жастарды білімге, еңбекқорлыққа, бірегейлік пен жауапкерлішікке тарту мақсатында төмендегі іс-шаралар атқарылуда.

«Намыс» жобасыіске асырылды, оның шеңберінде ММА бойынша әлемдік аренада өнер көрсететін Қазақстанның танымал спортшылар мен маргиналды жастардың кездесулері ұйымдастырылды.

-облыстың барлық аудандары мен қалаларында7000адамды қамти отырып,«Жетісу Жайдарман» КТКлигасы құрылды, нәтижесінде республикалық лигаларда облыстың кемінде30командасы ойнайтын болады.

-«Патриот»бокс бойынша реалити-шоу.

-қазіргі заманғы би түрлері бойынша конкурс.

-20 номинация бойынша Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы» сыйлығы.

Жастар туризмін дамыту мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған«Жастар шыңы»туристік жорығы ұйымдастырылды. Жорық аясында Алматы облысының Жоңғар Алатауында теңіз деңгейінен 3527 метр биіктікте орналасқан таудың басына«Жастар шыңы»атауы берілді.

Жыл басынан бері жастарды мәдени, патриоттық тәрбиелеу, бос уақытын тиімді үйлестіру, рухани-адамгершілік, құқықтық тәрбие, мектеп, студент жастармен және ҮЕҰ-мен жұмыс бойынша3290 іс-шараөткізілді.

Жарияланған күні

18 қазан 2021 17:14

Жаңарту күні

18 қазан 2021

Түрі