Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген, 2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы» № 615 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген, 2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
-
«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
-
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
-
осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
-
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.
-
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі А. Баталов
10
04 қазан 2021 16:15
04 қазан 2021