ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
2020 жылғы 29 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Әкімшілік рәсімдік - процестік кодекске" (бұдан әрі-Кодекс) қол қойды.
Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда, "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңдар өз күшін жояды.
ӘРПК қабылдау мақсаты
- Басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру.
- Мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын іске асыру және қорғау
- Мемлекеттік әкімшіліктің тиімділігін арттыру
- Әкімшілік құқықты жүйелеу
ӘРПК әкімшілік орган мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Әкімшілік орган - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де ұйым.
ӘРПК құрылымы
1-бөлім " Жалпы ережелер»
2-бөлім "Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері»
3-бөлім " Әкімшілік рәсім»
12-тарау " Оңайлатылған әкімшілік рәсім»
4-бөлім " Әкімшілік сот ісін жүргізу»
52
09 желтоқсан 2020 00:00
09 желтоқсан 2020