Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Басқарма басшысы, инспекция бөлімінің басшысы, лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы, бас маман (есепші), мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бөлімінің бас маманы

- салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

- жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген не белгіленген нормативтік мерзімдерде жол берілген бұзушылықтарды жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдау;

- техникалық және авторлық қадағалау қызметін бақылауды жүзеге асыру;

- объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын бақылауды жүзеге асыру;

 

- объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру, осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

 

 

Тексерулер жүргізу кезінде, жауапкершілікке тарту кезінде жеке шешім қабылдау қаупі бар