Диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін немесе жеңілдікпен ала алады.

Жарияланған күні: 07 ақпан 2022
Жаңарту күні: 07 ақпан 2022
Көру саны:8
Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну керек, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы да өтінім беруге болады.
Egov.kz арқылы өтінім беру тәртібі өте қарапайым. Порталда ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өтсеңіз болды.
Қызметтің толық атауы - «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру».
Ары қарай қызметті онлайн алу батырмасын басып, дәрігердің берген медициналық рецептісінің берілген және аяқталатын күнін толтырыңыз.
5 минуттың ішінде өтінішіңіздің жауабы келеді.
Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен сатып алғанда науқастың жеке құжаты керек.
Жарияланған күні
07 ақпан 2022
Жаңарту күні
07 ақпан 2022
Түрі
Қызмет бағыты