Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар үшін ақпараттық хабарлама
Жарияланған күні: 22 қаңтар 2023
Жаңарту күні: 22 қаңтар 2023
Көру саны:15
Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың назарына.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚРЗ 20-1-бабына сәйкес сайлауда қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі, ол үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Нысан бойынша өтініш;
- Сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын Жарғыдан үзінді көшірме.
Республикалық ҚБ және КЕҰ құжаттарды - Орталық сайлау комиссиясына, өңірлік және жергілікті ҚБ және КЕҰ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына ұсынады.
Аккредиттеу ережелерімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: сілтеме бойынша өту.