Алматы облысы Ұйгыр ауданы Бахар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
07 сәуір 2025 жыл 8
Алматы облысы Ұйгыр ауданы
Бахар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 6 сәуірде өткен Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімін сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туған, «Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, Шонжы ауылының тұрғыны Мадамилов Мақсат Серікбайұлы тіркелсін.
- Тіркелген әкімге тиісті куәлік берілсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын.
Төраға Е. Манапов
Хатшы Р. Максатов
13
07 сәуір 2025 10:10
07 мамыр 2025