Шарын ауылдық округі Шарын ауылының көшесіне атау беру туралы
ЖОБА
Шарын ауылдық округі Шарын ауылының
көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай сегізінші көшені – Бауыржан Момышұлы көшесі деп аталсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев
11
18 наурыз 2025 16:07
18 наурыз 2025