ЖОБА Үлкен Ақсу ауылдық округінде шектеу іс-шаралары және карантинді белгілеу туралы
ЖОБА
Үлкен Ақсу ауылдық округінде
шектеу іс-шаралары және карантинді белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына, «Шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына сәйкес және ұсынымға сәйкес Ұйғыр ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 04 қыркүйектегі №22-13-172 ұсынымына сәйкес, «Сібір жарасы» ауруының ошағын жою мақсатында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Үлкен Ақсу ауылдық округінде «Сібір жарасы» ауруының ошағын жою мақсатында шектеу іс-шаралары және карантин белгіленсін.
- Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 қыркүйектегі №9-23 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- «Сібір жарасы» ауруының ошағын анықтау және жою жұмыстары жүргізілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Бахавдинов Бахадур Баратовичке жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің у.м.а. С.Адаутов
15
05 қыркүйек 2024 14:49
05 қыркүйек 2024