ЖОБА Үлкен Ақсу ауылдық округінде уақытша шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
ЖОБА
Үлкен Ақсу ауылдық округінде
уақытша шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-бөлігі 6-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, «Шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына және Ұйғыр ауданының Бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 03 қыркүйектегі №2 ұсынымына сәйкес ірі қара малын «Сібір жарасы» ауруынан қорғау мақсатында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Үлкен Ақсу ауылдық округінде ірі қара малда «Сібір жарасына» Алматы облысының ветеринарлық лабараториясынан қорытынды келгенге дейін уақытша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
- «Сібір жарасы» ауруынан тазарту үшін малдарды оқшалау, елді мекен аулаларын аралап, тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Бахавдинов Бахадур Баратовичке жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің у.м.а. С.Адаутов
13
04 қыркүйек 2024 16:56
04 қыркүйек 2024