Артқа

Жүмәділ Самат Шайытқанұлы

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1994 жылы  1 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.

Білімі: 2016 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрономия»  мамандығы бойынша тәмамдаған.

2020 жылы – Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мансап

Жүмәділ Самат Шайытқанұлы еңбек жолын 2018 жылы Райымбек аудандық аумақтық инспекциясында бас маман болып бастады.

2020-2022 жылдары Кеген ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің  бас маманы;

2022-2024 жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы;

2024 жылдың мамыр айынан Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;

2025 жылдың маусым айынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы   3-2 тармағына сәйкес,  Алматы облысы бойынша өңірлік кадр резерв құрамынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2025 жылдың 12 тамызынан бастап, Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары  лауазымына тағайындалды.

Жұмыс бағыттары