Алматы облысының кейбір объектілеріне атау беру және атауын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мына объектілерге:
- «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
2) «Алматы облыстық № 15 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;
3) «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.
- Мына білім беру ұйымдарының атауы:
- «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «№4 Шонжы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
8
17 ақпан 2021 00:00
17 ақпан 2021