«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы»
|
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
__________________
Талғар қаласы
|
|
АКИМАТ ТАЛГАРСКОГО РАЙОНА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
№_________________
город Талгар
|
«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп
иеліктен шығаруды бастау туралы»
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабының 1 тармағы және 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 және 8 тармақтарына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауы негізінде, 2025 жылғы 15 сәуірдегі «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ хатына сәйкес және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – Талғар аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің 2025 жылғы 5 тамыздағы ұсынған жер учаскелерінің экспликациясына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Экспликацияға (қаулыға қосымша) сәйкес жалпы ауданы 3,0040 га Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы мекен жайында су жүйесін салу үшін, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Меншік иелерінің жүгінетін орны: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 93 үй, 1 қабат, 6 кабинет «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аскербековке жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Айдарбеков
76
09 қыркүйек 2025 12:00
09 қыркүйек 2025