Жұмыспен қамту шаралары буклеті
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ШАРАЛАРЫ
Әлеуметтік кодекс шеңберінде жұмыспен қамтуды қолдаудың келесідей шаралары іске асырылуда:
- аудандық Мансап орталықтарымен жолдау немесе enbek.kz порталы арқылы ЭЦҚ-мен дербес түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу. Яғни жұмыс берушілердің (enbek.kz порталында) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
- мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, оның ішінде:
- ЖОО-да, колледжде оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған жастарға арналған «жастар тәжірибесі» жобасы. Қатысу мерзімі - 12 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
- жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жастарға арналған «алғашқы жұмыс орны» жобасы. Қатысу мерзімі - 18 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
- ЖОО-да, колледжде оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жастарға арналған «ұрпақтар келісімшарты» жобасы. Жұмысқа орналастыру кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстырумен жүзеге асырылады. Қатысу мерзімі - 6 айдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
- біліктілігі жоқ жұмыссыздарға (16 жастан зейнеткерлік жасқа дейін) қоғамдық пайдалы жұмыстарға арналған «қоғамдық жұмыстар» жобасы. Қатысу мерзімі - 1 жылдан аспайды, еңбекақы - 30 АЕК немесе 110,7 мың теңге;
- еңбекақы төлеу бөлігін субсидиялай отырып, жұмыссыздар үшін «әлеуметтік жұмыс орындары» (жұмыссыздар үшін жалақының 35%-ны, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының 70%-ы). Қатысу мерзімі - 1 жылдан аспайды, еңбекақы төлеу - 35%, мүгедектігі бар азаматтарға ҮЕҰ-ға 70%;
- 2,5% - бен 5 млн. теңгеге дейін шағын несиелеу. Мемлекет басшысының бастамасымен 2023 жылдан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастардың бизнес-жобаларына несие берудің жаңа тетігі енгізілді.
Нысаналы топ: жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан
35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары.
Несие беру шарттары: қарыз сомасы - 5 млн. теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%, қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін - 5 жылға дейін.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – шағын несие мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.
- қайта оқытуға жолдау. Мансап орталықтарына жүгінген жағдайда оқыту бағдарламалары (курстары) бар:
- еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер бойынша (бухгалтер, аспаз, тракторист машинист, кондитер, тігінші және т.б.) 30 мың теңге стипендия төлей отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (3-6 ай). Оқуды аяқтаудың міндетті шарты - тұрақты жұмысқа орналасу.
- enbek.kz. порталы арқылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бизнес негіздеріне онлайн оқыту. Оқыту онлайн, өз бетінше;
- дағдыларды онлайн оқыту enbek.kz. порталында тегін және жоспарлы курстар бар. Оқыту онлайн, өз бетінше.
Толық кеңес алу үшін облысымыздағы жұмыссыздар Алматы облысының Еңбек мобильділігі орталығына жүгіне алады (мекен-жайы: Қонаев қ., 1 шағын ауданы, д. 41/1 «Бәйтерек» БО, Тел.+7 (727) 724 07 81, 87082907380), немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық Мансап орталықтарына келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:
|
№ |
МО атауы |
Мекенжайы |
Эл.мекенжайы |
Телефон |
|
1 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Еңбекшіқазақ ауданының мансап орталығы» филиалы |
Есік, Алматинская көш., 209. |
+7 (727) 754 05 53 |
|
|
2 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Кеген ауданының мансап орталығы» филиалы |
Кеген, Д.Конаев көш., №137 |
kc_kegen@mail.ru |
+7 (727) 772 90 05 |
|
3 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Талғар ауданының мансап орталығы» филиалы |
Талғар, Қонаев көш., 97/1 |
kc_talgar@mail.ru |
+7 (727) 295 68 75 |
|
4 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Қарасай ауданының мансап орталығы» филиалы |
Шамалған, Жібек Жолы көш., 45 |
|
|
|
5 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Райымбек ауданының мансап орталығы» филиалы |
Нарынқол, Абай көш., 100 |
+7 (727) 792 20 32
|
|
|
6 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Іле ауданының мансап орталығы» филиалы |
Өтеген батыр. Батталханов көш., 7 Б |
kc_ili@mail.ru |
+7 (727) 389 53 53 |
|
7 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Қонаев қаласының мансап орталығы» филиалы |
Қонаев, 1 шағын ауданы, 41/1 үй |
karernyy.tsentr@mail.ru |
+7 (727) 724 07 81 |
|
8 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жамбыл ауданының мансап орталығы» филиалы |
Ұзынагаш Қараш батыр 120 |
kc_zhambyl@mail.ru |
+7 (727) 702 11 66 |
|
9 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Балқаш ауданының мансап орталығы» филиалы |
Бақанас, Т.Рысқұлов көш., 51 үй |
balqash_mo@mail.ru |
+7 (727) 739 11 23 |
|
10 |
«Алматы облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Ұйғыр ауданының мансап орталығы» филиалы |
Шонжы, Ж.Құдайбергенова, көш., 70а |
Ortalyk_uyg@mai.ru |
+7 (727) 782 27 20 |
17
21 мамыр 2024 18:00
21 мамыр 2024