ЖКХ

ЖКХ

Миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықжәне тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясаттыіске асыру.

Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;

5) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатыншығыстардың сметасын келісу;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

8) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық