Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы, 1 бірлік, индекс 88-07-02

Мемлекеттік орган

Қонаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқық және экономика негіздері

Функционалды міндеттер

Қала әкімі аппаратының бөлімдері,мемлекеттік мекемелер басшылары тапсырған қала әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, қалалық әкімдіктің қаулылары мен басқа да құжаттарға заңгерлік сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді ;мемлекеттік мекемелерде, соттарда және қоғамдық бірлестіктерде қала әкімдігінің, «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, қала әкімдігінің заңды мүддесін қорғайды; қаланың мемлекеттік құрылымдық бөлімшелеріндегі (құқық қорғау органдарының қызметінен басқа) құқықтық жұмыстардың жағдайлары туралы ақпараттық және басқа да материалдарды сараптайды; ауылдық округтердің әкімдері қабылдаған шешімдерінің заңдылықтарын талдайды және қорытындайды; нормативтік құқықтық актілерінің дайындау және қазіргі заңнамасына сәйкес тіркеу бойынша жұмысын ұйымдастырылады; қала әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының игерулері жөнінде семинарлар өткізуді ұйымдастырады; қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне кеңес береді. Қала әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, қалалық маслихатпен, қаладағы өзге де ұйымдармен өзара іс-әрекеттестікте болады; қабылданған заңнамалық және нормативтік актілеріне өзгертулер енгізуді, сақтауды, олардың жүйелі есебін жүргізуді ұйымдастырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану ретімен тұтынушылардың осыларға қол жетімділігін қаматамасыз етеді; қала әкімі аппаратының, қалалық бөлімдері және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жылжымалы және жылжымайтын мүлікке рәсімдеуге құжаттарды дайындау; азаматтар өтініштерін қарап, оларға берілетін жауаптардың жобасын әзірлейді 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы обласы Конаев қаласы , Жамбыл 13

Анықтама алу үшін байланыс

87016958148