"Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы. Индексі 88-21-01
Қонаев қаласының әкімдігі
Алматы облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне басшылық қызметін жүзеге асыру. Мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне байланысты бұйрықтар шығару. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болу. Мемлекет пен халықтың мүддесі үшін мемлекеттік активтерді тиімді басқару; коммуналдық мүлікті басқару және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; коммуналдық мүлікті басқару тиімділігін мониторингілеу; коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлікке құқықтарын мемлекеттің сатып алуы жөніндегі рәсімді жүргізу; коммуналдық мүлікті, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіруді жүзеге асыру; коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру; коммуналдық заңды тұлғалар мен акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) бәсекелестік ортаға беру тұрғысынан қызметіне талдау жүргізу; Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде Қонаев қаласы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Конаев қаласы, Жамбыл көшесі 13
-
87016958148