Маусым айында онлайн режимде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы

Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану, денсаулығын нығайту, интеллектуалын дамыту, дене және ақыл-ой қызметін шынықтыру, балалардың шынығу-шыңдалуы мәселесімен қатар түрлі бағыттағы іс-шараларға онлайн арқылы тәрбиелеу. Ұлттық және мәдени, азаматтық, елжандылық сананы қалыптастыру мақсатында жоспар бойынша маусым айында қашықтан іс-шаралар жүргізілді.
3 маусым күні Қапшағай қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Бітіруші әр сыныпта іс-шара жеке өткізілді, қатысушылар құрамы шектеулі (100 адамға дейін ашық ауада) түлектерге аттестат берілді.
Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу үшін ұсынылатын регламент жеке кесте бойынша сағат 10.00 -12.00-ден 1 сағатқа дейін әр бітіру сыныбына өткізілді.
Бітіруші іс-шараның мақсаты:
Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, патриотизмге тәрбиелеу, білім мен білім құндылығын қалыптастыру, жастардың жоғары әлеуметтік белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға ұмтылысын дамытуға жәрдемдесу.
Міндеттері:
- түлектің имиджін көтеру;
- "Алтын белгі" иегерлерін және ерекше үлгідегі аттестаттарды марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын ілгерілету;
- болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру;
- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және кеңінен жариялау.
Мектеп бітіруші іс-шараны ұйымдастырушылар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі, қамқоршылық кеңестер.
Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін бітіруші іс-шара құрметті қонақтарды шақырусыз, оның ішінде өткен жылғы мектеп түлектерінің қатысуынсыз өткізілді.
1-7 маусым аралығында «Менің елім - Қазақстан» Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған «Барлығы балалар үшін» Республикалық құқықтық акциясы; Онлайн іс-шаралар – «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым»; «Объективте қасиетті орындар» - Қазақстанның киелі нысандарына виртуалды саяхат; «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» - қаланың ескерткіш орындарына виртуалды саяхаттар өткізілді.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытында жолда жүру , су қоймаларындағы сақтық және қауіпсіздік шаралары туралы «Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Балалардың үйде, көшеде, табиғатта кауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру, сақтана білуді үйрету мақсатында төтенше жағдайлар кезінде өмір қауіпсіздік ережелерін білу керек түсіндіру жұмысы жүргізілді. «Балалардың жолда жүру ережелері», «Су қоймаларындағы сақтық», «Қауіпсіздік туралы не білуім керек» туралы бейнематериалдар ұсынылды.
8-14 маусым аралығында жазғы онлайн лагерь жұмысы барысында «Жазғы саяхат» тақырыптық блок бойынша «Музейлік калейдоскоп» атты «Эрмитаж» мұражайына онлайн саяхат өткізілді. «Кітап әлеміне саяхат» атты челлендж өткізілді.
15-21 маусым аралығында жазғы онлайн лагерь жұмысы барысында 3 аптаның бөлімі «Отбасы-алтын бесігім», «Мейірімділік жолында» т.б. тақырыптық блогына арналған «Бақытты балалық шақ» , атты отбасы жайлы онлайн форматта сынып сағатттары өткізілді. Оқушылар «Отбасылық ас үй» өздерінің ас үйінде аналарына көмекші екендігі туралы бейнероликтарын ұсынды.
Жаз уақытында балалардың қауіпсіздігін алдын алу және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Демалыс кезінде балалармен жасөспірімдерге арналған интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидасы» туралы түсіндірме жұмыстарын мектеп оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онлайн форматында өткізді.
22-28 маусым аралығында «Табиғатты аяла» тақырыптық блог бойынша мектептерде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында саяхат сабақ өтілді.
29 маусым - 5 шілде аралығында «Елорда тарихы – Ел тарихы» тақырыптық блог бойынша «Асқақтай бер, Елорда» - Астана күніне арналған Нұр-сұлтан қаласына виртуалды саяхат; Астананың тарихи ғимараттары, ескерткіштері туралы әңгімелер, өлең жолдарын арнау, кітап көрмесі өтті.