Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Пошталық мекен жайы:Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық пошта мекен жайы:kense@almreg.kz;

Байланыс телефоны:8 (7282) 329558;

Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны:ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен жайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. "05" қазаннан бастап 2020 ж. "16"қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күнімен уақыты: 2020ж. "05"қазансағат 10.00 (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020ж. "16"қазан сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландыру және конкурстық құжаттамаменwww.industry.gov.kz және www.dkb2020.kz.сайттарында танысуға болады.

 

 

Басталу уақыты

28 қыркүйек 2020

Соңғы күні

16 қазан 2020

Өткізу орны

Республика Казахстан, 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26

Оқиға түрі

Конкурс