Құрметті Сарыбұлақ ауылының тұрғындары!
Шеңгелді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Талғат Қалмаханұлы Қасымбеков, ағымдағы жылдың 14 шілдеде сағат 11.00-де Сарыбұлақ ауылының № 8 орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді, және ұсыныстарыңызды № 8 орта мектептің ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ
Оқиға күні
14 шілде 2022
Оқиға түрі
Кездесу