Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
- Осы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік субсидияларды (бұдан әрі – субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алқаптың кадастрлық нөмірі – көпжылдық екпелері бар учаскеге арналған, оның орналасқан жерін айқындау (сәйкестендіру) үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін бірегей код;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін бірінші ұрпақта будандық өсімдік беретін генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта немесе құмай тұқымдары;
3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
4) көпжылдық екпелердің электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан алқап туралы ақпарат;
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
7) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) отандық өндіруші (бұдан әрі – пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруші) – Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруді жүзеге асыратын және биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8) өтінімдер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндiру шығындарын ішінара өтеу үшін;
бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарынан алынған көшет материалын (телітушілер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін
элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – элиттұқымшар) нақты сатып алыған бірегей тұқымдары үшін;
10
05 ақпан 2021 00:00
05 ақпан 2021