Абайдың 175 жылдығы


Абайдың 175 жылдығы
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр.
Басталу уақыты
01 қаңтар 2020
Соңғы күні
31 желтоқсан 2020