Қаскелең қаласының көшесін қайта атау туралы
Қаскелең қаласының көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Қаскелең қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаскелең қаласының «Победа» көшесі «Аубай Байғазиев» көшесіне қайта аталсын.
- Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дуйсенова Кульжан Адилхановнаға (келісім бойынша) жүктелсін.
- Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
36