Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 66-3 «Қарасай ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 66-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, 2021 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 23 892 126 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 13 120 852 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 12 822 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 958 768 мың теңге;
трансферттер түсімі 9 799 684 мың теңге;
2) шығындар 23 540 419 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 166 294 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 234 898 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 68 604 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 185 413 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 185 413 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 234 898 мың теңге;
қарыздарды өтеу 715 330 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 295 019 теңге.
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
8