«Ауыл ел бесігі»

«Ауыл ел бесігі»

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында 2020 жылы Боралдай кентіндегі «Әдемі» МҚК ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 485 млн 942 мың теңге бөлінді. Оның ішінде Республикалық бюджеттен - 437 млн 348 мың тенге,

Жергілікті бюджеттен 48 млн 594 мың тенге.

28.04.2020 жылы  «Іле ауданының білім бөлімі» ММ-сі ашық конкурс жариялауға Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу Басқарамасына сұраным жолдады.
Балабақша ғимараты 1990 жылы салынған, ғимараттың ауданы - 2522,5 ш.м. 2007 жылы күрделі жөндеу жүргізілді. 2015 жылы аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бала бақшаның жобалық қуаты 320 орындық.
Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін балабақшадағы жағдай жақсарып, оның ішінде: ойын алаңдарын жаңарту, бөлмелердегі пластик терезелерді ауыстыру және жылу жүйелерінің жағдайын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, балалар контингентінің өсуі және жұмыс орындарының көбеюі күтілуде.