ІЛЕ АУДАНЫНДА «ӨРТ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Бүгін Іле ауданында 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық және «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша арнайы жиын өтті.
Жиын аудан әкімінің орынбасары Алмас Букенаевтың төрағалығымен өтіп, оған азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлар саласының мамандары мен жауапты мекеме өкілдері қатысты.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, күштер мен техникалардың дайындығы, жедел әрекет ету алгоритмдері және оқу-жаттығу өткізу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, ертең аудан аумағында республикалық «Өрт-2026» оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық іс-шаралар өтеді.
Оқу-жаттығулар: Қараой, А. Тоқпанов, Ащыбұлақ және Байкент ауылдық округінде ұйымдастырылады.
Аудан әкімдігі тұрғындардан түсіністік танытып, ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрайды. Оқу-жаттығу жұмыстары төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
28 мамыр 2026
Отырыс