Мобильді азаматтар базасына онлайн тіркелу

Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелуі талап етіледі. 📲
Бұл базада тіркелу өте оңай. Толығырақ Oqy&Toqy айдарында:
1. Egov.kz порталына кіріңіз
2. Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3. Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4. Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5. ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6. Сіз тіркелдіңіз!
Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді

Жарияланған күні

10 маусым 2020

Жаңарту күні

10 маусым 2020

Жарияланымның авторы