Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу

Жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу  мемлекеттік кірістер  басқармасымен жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мемлекеттік кіріс басқармасына келу тәртібімен берілген салық өтінішінің немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген салық өтінішінің негізінде жүргізіледі, тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ҚР ӘҚБтК 463  бабының 1-ші бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бесайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебін уақтылы сұратады.

Туындаған сұрақтар бойынша:

Іле ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы,

Отеген батыр кенті, Титов көшесі 9 «А» үй, 

8(72752)2-07-27 телефонына  на хабарласа аласыз.

Жарияланған күні

21 мамыр 2020

Жаңарту күні

21 мамыр 2020

Жарияланымның авторы