Құрметті БЗЖҚ салымшылары мен алушылары!

Еліміздің шалғай елді мекендерінде трансфер-агенттік қызметтерді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне  ұлттық пошта операторының бөлімшелерін қосымша қосу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

БЖЗҚ  қызметтерін Іле ауданы, Жетіген ауылы, Құдайбергенов көшесі, 12 мекен-жайында орналасқан «Қазпошта» АҚ  бөлімшесі арқылы алуға болады.

 «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен жобасының аясында ұлттық пошта операторының филиалдарында БЖЗҚ салымшылары (алушылары) келесі операция түрлерін орындай алады:

  • салымшының (алушының) қосымша мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) өтініш беру (жеке куәлік, телефон нөмірі, электрондық пошта мен пошталық мекенжайлар);
  • ақпараттандыру әдісін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде БЖЗҚ АҚ қызметтеріне электронды форматта қол жеткізу үшін).

Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтерінің көпшілігі, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т.б., үйден шықпай-ақ enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.

Жарияланған күні

14 қараша 2022

Жаңарту күні

14 қараша 2022

Жарияланымның авторы