«Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».
- Осы қаулы Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға М. Қалдыбаева
Хатшы А. Есімханов
Өтеген батыр ауылы,
2025 жылғы 08 тамыз
№ 29
28