Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 15 маусымда болған Іле ауданы Байкент ауылдық округіне әкімді сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қалиев Аскат Нүсіпбайұлы 1982 жылы туылған, Байкент ауылының тұрғыны, Байкент ауылдық округінің әкімі Іле ауданы Байкент ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
Төраға М.Қалдыбаева
Хатшы Ә.Есімханов
Өтеген батыр ауылы
№4
17 маусым 2025
15
Жарияланған күні
17 маусым 2025 10:47
Жаңарту күні
17 маусым 2025
Түрі