Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 15 маусымда Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3 875 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2 265 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Іле ауданы, Күрті ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
- Қожатаев Азамат Төлебайұлы үшін сайлаушылардың 289 дауысы берілді;
- Рахымбай Ғабит Даниялұлы үшін сайлаушылардың 1711 дауысы берілді;
- Сабдикенов Руслан Мұратханұлы үшін сайлаушылардың 240 дауысы берілді.
- «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 23.
Сайлау қорытындылары бойынша Күрті ауылдық округі әкімі болып:
1982 жылы туған, «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры, Ақши ауылының тұрғыны Рахымбай Ғабит Даниялұлы сайланды.
Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.
22
16 маусым 2025 10:44
16 маусым 2025