Алматы облысы Іле ауданы Өтеген ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

    2025 жылғы 6 сәуірде Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
    Сайлаушылар тізіміне 26 754 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 11 290 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 31 қатысты.
    Кандидаттардың жалпы саны – 3.
    Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
    Нұрманов Аманжол Нұрманұлы  үшін сайлаушылардың 2765  дауысы берілді;
    Саттарбай Қуаныш Тапықұлы үшін сайлаушылардың 1055 дауысы берілді;
    Омаров Төлеген Әнуарбекұлы үшін сайлаушылардың 6918 дауысы берілді.
   «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 511.
    Сайлау қорытындылары бойынша Өтеген батыр ауылдық округі әкімі болып:
    1973 жылы туған, «Күрті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ әкімі, Ақши ауылының тұрғыны Омаров Төлеген Әнуарбекұлы сайланды.

    Іле  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

07 сәуір 2025 09:10

Жаңарту күні

07 сәуір 2025