Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы Шешімінің ЖОБАСЫ
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдері өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын төленеді;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектігінің алынып тасталуы, Іле ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
- Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу оқу жылына тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
- Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
2016 жылғы 26 желтоқсан № 10-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4063 тіркелген, 2017 жылдың 19 қантарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. - Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
Ж. Бейсембаев |
|
Іле аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Р. Абилова |
3
20 қазан 2020 00:00
20 қазан 2020