Алматы облысы Іле ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы
Алматы облысы Іле ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Алматы облысы Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Іле ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі дауыс беру күнін қоспағанда, үзіліссіз және демалыссыз сағат 08.00-ден бастап 17.30 дейін бекітілсін.
- Осы қаулы Іле ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын.
Төраға М. Қалдыбаева
Хатшы Ж. Нарынбаева
8