Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарына берiледi. Осы Заңның 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын 11 тобына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, репатрианттар, оралмандар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар) жатады. Заңның 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 1 тармақшасына сәйкес есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында олардың тұрғын үйі болмаған кезде танылады.   Жоғарыда аталған топтардың біріне жататын болсаңыз, «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарынан кеңес алып, құжаттарды ХҚКО тапсыруыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72 бабына сәйкес егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылатынын хабарлаймыз.