Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5849 тіркелген, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімінің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
- кірістер 26 087 849 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 4 794 055 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 59 824 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 068 194 мың теңге;
трансферттер түсімі 20 165 776 мың теңге;
2) шығындар 27 999 579 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 136 876 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 202 898 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 66 022 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 048 606 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 048 606 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері 2 102 273 мың теңге;
қарыздарды өтеу 66 022 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 12 355 мың теңге.».
- 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
15