Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5849 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімінің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
- кірістер 26 031 894 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 4 420 286 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 33 682 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 668 105 мың теңге;
трансферттер түсімі 20 909 821 мың теңге;
2) шығындар 26 004 249 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 136 876 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 202 898 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 66 022 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 40 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 149 231 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 149 231 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері 202 898 мың теңге;
қарыздарды өтеу 66 022 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 12 355 мың теңге.».
- 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- 3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
7