2021 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: Ұдайы жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша 2021 жылдың І тоқсанында діни ахуал тұрақты, әрі болжамды күйде сақталды. Діни ахуал  толықтай «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ (әрі қарай - Басқарма) және оның құрылымдық бөлімшелерінің бақылауында болды.

Діни бірлестіктердің басшыларымен жоспарлы негізде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде аймақта карантин талаптарын бұзу фактілері орын алған жоқ.

  1. Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер.Діни бірлестіктер мен филиалдардың жалпы саны644құрады. Оның ішінде:474ислам мешіттерінің саны,52орыс-православтық,11Рим-Католиктік,95Протестанттық,10Ехоба куәгерлері,1Бахай қауымдастығы,1Кришна санасы қоғамы.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, облыс бойынша 48 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатса, тағы 10 мешіттің құрылысы алдағы уақытта жоспарлануда.

Аталған ислам мешіттерінде578имам қызмет атқаруда.294 бас имамдар,169молдалар,73наиб имамдар,29ұстаздар,13азаншылар. Есептік кезеңде          1 орта білімді молда қызметке алынды.(186 жоғары білімді, 95 медресе түлектері, 195 арнайы курс тәмамдаған, 102 орта білімді).

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында311діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде:75орыс-православтық,29Рим-Католиктік,204протестанттық,2Бахаи қауымдастығы,1Кришна санасы қауымдастығы(58 жоғары білімді, 42 орта білімді, 211 курстан өткен қызметкерлер жұмыс істеуде).

  1. Миссионерлік қызметтің жағдайы.Сенімдер контекстінде:Өңірде миссионерлік қызметпен айналысуға арнайы рұқсат куәлігі бар29миссионер тіркелген. Наурыз айында 1 Рим-Католик ДБ миссионері қосылды.                       1 – ислам дінін, 4 – протестанттық, 24 миссионер Рим-Католиктік діни сенімін насихаттайды. 
  2. Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі.Облыс әкімдігінің қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 6 орында(Алакөл, Ескелді, Қарасай, Панфилов,Іле, Кеген аудандары)діни әдебиеттер сатылады.
  3. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі.

Облыс аумағында  ғибадат үйлерінен(ғимараттарынан)тыс жерлерде діни жораларды өткізу үшін арнайы рұқсаты бар8 намазхана  тіркелген.

  1. БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары.Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-да а.ж. I тоқсанда279(2020ж IV тоқсанда226)мақала жарияланды(оның ішінде 102 республикалық, 177 аудан, қалалық).
  2. Ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары.Алматы облысы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының 2021 жылғы жаңартылған құрамына сәйкес 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық жалпы 21 топ, 314 мүшесімен жұмыс атқаруда.

2021 жылдың  І тоқсанындаоблыс бойынша жоспарға сәйкес650түрлі форматтағыіс-шаралар(Олар: 116 онлайн-кездесу, 75 кездесу, 36 онлайн-сұхбат, 9 онлайн қабылдау, 42 акция, 118 уағыз, 139 онлайн-уағыз, 4 сауалнама, 1 онлайн сауалнама, 35 дәріс, 15 онлайн дәріс, 12 дөңгелек үстел, 4 онлайн дөңгелек үстел, 10 семинар, 6 онлайн-семинар, 1 онлайн-конференция,                    2 дебат,5 спорттық шара, 2 сұхбат, 12 сынып сағаты, 1 Open Air,  5 діни мереке)өткізіліп,  жалпы340 538  адам қамтылды. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды ескере отырып жүргізілді.  АТТ жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория:  жастар(жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

  1. Сенім телефонының қызметі.Сенім телефоны бойынша12хабарлама түсті.
  2. Әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жүргізілгенжұмыстар.Есептік кезеңде интернет кеңістігінде қарсы ақпараттандыру жұмыстары бойынша Алматы ДІБ басқармасына қарасты «Facebook», «Vkontakte», «Instagram» әлеуметтік желілерінде және республикалық, жергілікті БАҚ-да жалпы саны4450 материалжарияланды. Оның ішінде267мақала,597бейнебаян(қаралымы 58036),60демотиватор,3 405ақпараттық материал бар(қаралымы 102 963). Сонымен бірге,  «Vkontakte» әлеуметтік желісінде арнайы 3 фэйк парақшаға121материал жүктелді.

Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы4454материал анықталып (Youtube –3521, Instagram - 259,Vkонтакте – 674),«Киберқадағалау» жүйесіне енгізілді. 2020 жылдың басынан барлығы 426 сілтеме материал бұғатталды.

  1. Интернет кеңістіктеріндегі талдау жұмыстары.Облыстағы діни ахуалға «Kazdream Solutions» қызметімен бірлесіп мониторинг жүргізу нәтижесінде интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды және ДДА идеологиясының әсеріне ұшыраған азаматтар саны 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5464-ке азайған. Есептік кезеңде теріс діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан17 259ғаламтор тұтынушысы анықталды(2020 ж. желтоқсанында тұтынушы саны22 723болған).

Оның ішінде: псевдосалафилік ресурстарға тіркелушілер саны –15 897, хададиттік  –2548,суруриттік – 917, хабашиттік –688,Ехоба куәгерлері –68(Ескерту: діни жағдайдың өзгеруіне байланысты "Елуіншілер" бағытының орнына "Хабашит" бағыты бақылауға алынды).

Тіркелушілер санының азаюына «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ДДА идеологиясын насихаттаушы топтарға тіркелушілерге ДІБ құрылымдық Орталығының ресми және фэйк-аккаунттарынан(аудандарды, қалаларды қоса алғанда)күнделікті жіберілетін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту SMS-хабарламалары септігін тигізуде. Наурыз айында осындай1420 SMS-хабарлама жіберілді.

Сонымен қатар, кері идеологияы насихаттаушы топтардың ықпалын бәсеңдету үшін жүргізіліп жатқан нүктелі АТЖ жандандыру мақсатында #РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН жобасы тұрақты түрде іске асырылуда. Жобаның  мақсаты - облыс тұрғындарымен кері байланыс орнату. Есепті кезеңде72адаммен кері байланыс орнатылды.

Жарияланған күні

05 сәуір 2021 00:00

Жаңарту күні

05 сәуір 2021

Түрі