Желілік кестеге сәйкес атқарылған 07 қазанда іс-шаралар туралы ақпарат
Жарияланған күні: 07 қазан 2022
Жаңарту күні: 07 қазан 2022
Көру саны:6
Аудандық қоғамдық штабтың желілік кестесіне сәйкес ақпараттық- түсіндіру топтары мен сарапшылар топтарының ұйымдастыруымен 07 қазан күні Балатопар ауылының тұрғындарымен кездесу жиын өткізілді, кездесуде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының "Заң және тәртіп" - атты бесінші бағыты талқыланып, Жолдауда көрстетілген басқа да мәселелер айтылды. Бақбақты ауылының тұрғындарымен газға қосылу туралы жиын өткізіліп, осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бақанас ауылында «Д.А.Қонаев атындағы аудандық қоғамдық қордың» мүшелерімен кездесу өткізіліп, Д.А.Қонаев атындағы саябақты кеңейту туралы мәселе айтылды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.